Зектілері

Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын өңір белгілі болды

Жарияланған күні:

Атом электр станциясы
Атом электр станциясы. Фото: Walter Bibikow / Getty Images

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы салынатын жер анықталды. Тиісті үкімет қаулысы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкімет қаулысына сәйкес, елімізде бірінші атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.

"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2) тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы облысының Жамбыл ауданы – "Атом электр станциясы" ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын", - делінген құжатта.

"Атом электр станциясы" ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы үкімет қаулысы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған.

Бірақ құжат алғашқы ресми жарияланған күннен яғни 2025 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында алғашқы атом электр станциясының құрылысын тездету қажет екенін айтқан еді.

Сондай-ақ президент үкімет пен парламентке екінші ядролық станцияны қай аймақта салу қажет екені жөнінде ұсыныс беруді тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2223585-qazaqstanda-algashqy-aes-salynatyn-zher-belgili-boldy/