jitsu gif

Наурыз айында Қарағандыдан Өскеменге әуе рейсі ашылады

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

"Южное небо" әуекомпаниясы Қарағанды-Өскемен бағытындағы және кері бағыттағы рейстің ашылғанын жариялады. Сату 2-29 наурыз аралығында басталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Аптасына үш рет – сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшамыз", – делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Рейстер коммерциялық, себебі биыл бұл бағытты субсидиялау бойынша конкурс өткізілмеген.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкент тұрғындары енді Каирге тікелей қатынай алатынын жазған едік.

Сондай-ақ Шымкенттен Қытайдың Сиань қаласына тікелей рейс ашылатынын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматы мен Шанхай арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін екені белгілі болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.