Қалың қар, тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:

Синоптиктер ертең, 27 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет".
27 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с. Ақтауда қар, көктайғақ, күндіз қатты қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с
Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын.
Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде қар, күндіз қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Астанада көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. күтіледі.
Абай облысында түнде қар, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
27 ақпанда түнде Павлодар облысының қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 ақпанның сағат 20.00-ден 27 ақпанның сағат 08.00-ге дейін Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
27 ақпан – 01 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда кей уақытта тұман, жолдардар көктайғақ күтіледі. Қонаевта жел солтүстік-батыс бағытттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18-23 м/с. 27 ақпан – 01 наурызда кей уақытта тұман, жолдардар көктайғақ күтіледі.ақ күтіледі.і.тіледі.і.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Петропавлда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың онтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2224017-qalyng-qar-tuman-koktaigaq-elimizding-birneshe-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/