"Шымкент, Бурабай, Тараз": Қазақстанда есімі жер-су атауларының құрметіне қойылған қанша адам бар
Жарияланған күні:

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша елімізде әйгілі жер-су аттарын баласына қоятын жайттар жиі кездеседі. Олардың ішінде Алтай, Тараз, Шымкент, тіпті Қазығұрт деген есімдер де бар, деп хабарлайды Kazinform.
Айта кету керек, бұл жерде жер-су атауына қазақ халқының есім қоюдағы ерекше дәстүрі – "бек", "бай", "бол" қосымшалары жалғанған есімдер (Аралбай, Алтайбек деген сияқты) мен жер-су атауының бір бөлшегіне "бек", "бай", "бол" қосымшаларын жалғау арқылы жасалған аттар (Сырбай, Арқабек сияқты), идеология сарынымен кейін жер-суға телінген есімдер (Жамбыл, Абай, сияқты), жер-су атауын ғана білдіріп қоймайтын, басқа да мағынасы бар (Шалқар, Бекет, Торғай деген сияқты) омоним атаулар есепке алынған жоқ. Сондай-ақ жер-су аттарын іріктеген кезде қандай да бір өңірге басымдық бермей, ел арасында ең көп тараған жалқы атауларға көңіл бөлдік.
Агенттік нұсқасы бойынша адамға ең көп аты берілген әйгілі топонимикалардың рейтингі мынандай:
Алтай – 4957 адам
Жайық – 645 адам
Есіл – 438 адам
Арал – 275 адам
Талас – 263 адам
Ертіс – 164 адам
Бурабай – 78 адам
Алатау – 39 адам
Маңғыстау – 38 адам
Балқаш – 32 адам
Семей – 27 адам
Астана – 24 адам
Алматы – 20 адам
Атырау – 15 адам
Каспий – 14 адам
Тараз – 14 адам
Зайсан – 13 адам
Ақтау – 11 адам
Түркістан – 10 адам
Сырдария – 4 адам
Қарқаралы – 4 адам
Тянь-Шань – 4 адам
Сарыарқа – 3 адам
Шымкент – 3 адам
Қазығұрт – 3 адам
Ұлытау – 2 адам
Қаратау – 2 адам
Отпан – 2 адам
Ақмешіт – 2 адам
Жетісу – 1 адам
Іле – 1 адам
Қапшағай – 1 адам
Өскемен – 1 адам
Мекке – 58 адам.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2224835-shymkent-burabai-taraz-qazaqstanda-esimi-zher-su-ataularynyng-qurmetine-qoiylgan-qansha-adam-bar/