jitsu gif

Ақтауда 1 млрд теңгеге қоқыс жәшіктері сатып алынбақ

Ақша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтау қаласының әкімдігі қоқыс жәшіктеріне 1 миллиард теңге жұмсамақшы. Қомақты қаражатқа 192 контейнер сатып алу көзделген, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Теңіз жағасында үнемі жел соғып тұратындықтан, уақтылы жиналмаған қоқыс қаланың сәні мен тазалығын бұзып тұр, дейді шенеуніктер. Осы мәселені біржола шешу үшін әкімдік жерасты контейнерлерін орнатпақшы.

Қала билігі былтыр осындай 10 қоқыс жәшігін қойып, оның тиімділігіне көз жеткізіпті. Енді биыл әр данасы төрт жарым миллион теңге тұратын 192 контейнер сатып алу үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлінбек.

"Биыл жер асты контейнерлерінің 192-ін сатып алу жоспарланып, конкурс жүргізіліп жатыр. 192 дегеніміз, контейнерлер 192 жерге орнатылады. Бұл жүйеде контейнер бар, сонда барлығы 576 контейнер. Бұл бір текше метрлік. Бұрынғы контейнерлер 1,75 текше метр болса, бұл контейнерлердің іші 1/1, яғни көлемі үлкенірек", - дейді Ақтау коммуналдық‑шаруашылық бөлім басшысының орынбасары Бақтияр Мақсатов.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.