jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Комиссия мүшелері Ақтауға арнайы келеді": 22 наурызда маңғыстаулықтар әлемдік рекорд орнатпақ

Ұлттық киімін киген арулар
Наурыз мейрамы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Каспий жағалауында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын фестиваль өтеді. Осылайша, маңғыстаулықтар әлемнің Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақтың ұлттық киімін Гиннес кітабына тіркеу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Шараға 5 мыңнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

"Kazakh Record фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Ұлттық киімді құрметтеп, оның сәні мен мәнін әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықты Kazakh Record фестиваліне шақырамыз!", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Көкшетау тұрғындарының Наурыз мейрамына орай "Кимешек шеруін" ұйымдастырып, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отырғанын хабарлаған едік.

Бұл шеруге 1000-нан астам әйел қатысады деп күтіліп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.