jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шығын 92 миллион теңге: Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын алмақ болған 20-дан аса адам сан соғып қалған

Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын жасап беремін деген желеумен адамдарды алдады деп айыпталған тұрғынға сот үкімі шықты. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс визасын жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге жымқырған.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді", - делінген хабарламада.

Айыпталушы 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ 23 жәбірленушінің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.