jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Жеңіс шеруіне дайындық": Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Астана халықаралық әуежайының мәліметінше, Жеңістің 80 жылдығына, сондай-ақ Отан қорғаушы күніне орай өтетін әскери шеруге дайындық уақытыңда және оны өткізу кезінде ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін

"Құзырлы органдардың бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр (қоса алғанда) аралығында Астана қаласының әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларына байланысты қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты ұшу және ұшып келу кестесіне өзгерістер енгізілуі ықтимал. Әуежай жолаушыларға өзекті ақпаратты әуекомпаниялардың және әуежайдың ресми ресурстарынан алдын ала нақтылауды ұсынады.

Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды және ықтимал өзгерістерді ескере отырып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

"Жеңіс шеруіне дайындық": Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.