jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкент әкімдігі көпқабатты тұрғын үйде тұратындарға үндеу жасады

Балкон
Балкон. Көрнекі сурет: Шымкент әкімдігі

Шымкент қаласының әкімдігі көпқабатты тұрғын үйде тұратындарға үндеу жасады. Әкімдік шаһарда заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізіліп жатқанын, заң талаптары сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік көпқабатты тұрғын үйлерде балконға қатысты құрылыс жұмыстарын өз бетінше жүргізу заңсыз екенін және өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін еске салды.

"Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан шаһарда заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, заң талаптары сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Бүгінде заңсыз құрылыстарды сот шешімімен бұзу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан да азаматтарды құрылыс салу барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі жария еткен хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.