jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Қозғалыс шектеледі": Қорғаныс министрлігі Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты астаналықтарға үндеу жасады

әскери техникалар
Әскери техникалар. Фото: t.me/modgovkz

Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындыққа байланысты Астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының "Индустриялық қалашық" аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі.

Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.

Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек", - делінген хабарламада.

Осы орайда министрлік өкілдері жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.

"Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз. Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астана халықаралық әуежайының өкілдері Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты ұшу кестесінде өзгерістер болуы мүмкін екенін ескерткен еді.

"Қозғалыс шектеледі": Қорғаныс министрлігі Жеңіс шеруіне дайындыққа байланысты астаналықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.