jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Қазақ газ өңдеу" зауытының бұрынғы директоры сотталды

Болат Байшуақов
Болат Байшуақов: kmg.kz

Маңғыстау облысында "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы директоры Болат Байшуақовқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, Жаңаөзен ауданының соты "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы директоры Болат Байшуақовқа қатысты үкім шығарды.

"Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп делінген ведомство хабарламасында.

Ол 4 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.