Kaspi.kz қолдауымен OYU Fest заманауи қазақстандық музыка фестивалі өтеді
Жарияланған күні:

Алматыда 24 мамырда "Бірінші мамыр тоғандарында", Астанада 28 маусымда "Астана" гольф-клубында OYU Fest музыка фестивалі өтеді.
2024 жылы Kaspi.kz OYU-дың бас серіктесі болды, бұл жобаның жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік берді. Биыл Kaspi.kz OYU музыкалық жобасына тағы да қолдау көрсетті. "Наурыз Special" мерекелік шығарылымы, OYU Live-тың сегізінші маусымы және осы музыкалық жобаның қалай басталғаны туралы деректі фильм түсірілді. Ал қазір екі үлкен OYU Fest заманауи қазақстандық музыка фестивалі дайындалуда.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
"Kaspi.kz миссиясы – адамдардың өмірін жақсарту. Біз адамдарды музыка, спорт, салауатты өмір салты төңірегінде біріктіретін рухы жағынан бізге жақын қазақстандық жобаларды қуана қолдаймыз. Біз екінші жыл қатарынан OYU Fest музыкалық фестивалінің серіктесі болдық. Осы жобаның көмегімен біз көптеген адамдардың заманауи қазақстандық музыканы тыңдап, жас талантты орындаушыларды көргенін қалаймыз".
Алматыда OYU Fest төртінші рет өтеді. Алматы сахнасында "ALPHA" тобы, q-pop жанрының жас әрі талантты әншілері, Dudeontheguitar – әнші Нұрбек Елемес, Daiynball тобы өнер көрсететіні белгілі болды. Ұйымдастырушылар қалған орындаушылардың есімдерін әзірге құпияда ұстап отыр. Бірақ бәріне танымал сүйікті музыканттар болады деп уәде етуде. Сондай-ақ көрермендер, әдеттегідей, OYU Fest-те жаңа жұлдыздардың есімдерін естиді.
Биыл OYU Fest заманауи қазақстандық музыка фестиваліне билеттер Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы сатылады. Олардың сатылымы 31 наурыздан басталды.
*Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің банк және басқа да операцияларды және құнды қағаздар нарығында қызмет жүргізуге 2020 жылғы 03 ақпанда берген №1.2.245/61 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236209-kaspi-kz-qoldauymen-oyu-fest-zamanui-qazaqstandyq-muzyka-festivali-otedi/