Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша күдікке ілінді
Жарияланған күні:

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты іс тергеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Біз Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын растаймыз, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді", - деді ҚМА ресми өкілі.
Айта кетейік, сәуірдің басында желіде Нұржан Нығматулинге қарсы қылмыстық істің тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға қатысты ІІМ өкілі пікір білдірді.
Бұған дейін мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғанын хабарлаған едік.
Кейін Бас прокуратура Арғын Нығматулинге не себепті іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Арғын Нығматулин және өзге де тұлғалар Қарағанды облысында хоккейді дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236218-nurlan-nygmatulinning-uly-reiderlik-is-boiynsha-kudikke-ilindi/