jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қызмет бабында қаза тапқан барлық полиция қызметкерінің отбасына ай сайынғы төлемдер беріледі

ақша және калькулятор
Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан барлық құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасына ай сайынғы төлемдер беріледі. Осылайша 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелеріне де өтемақы тағайындалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.

Заң жобасына сәйкес, бүгінгі таңда ай сайынғы төлемді алмайтын тұлғалардың жағдайын жақсартуға бағытталған түзетулер көзделіп отыр.

Жаңа нормаға сай қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бір жолғы төлемдерден бөлек, қосымша ай сайынғы төлемдер алуға құқылы болады (жесірлерге – өмір бойы, балаларға – 23 жасқа толғанға дейін).

Бұл санатқа 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін (яғни 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті заң күшіне енгенге дейінгі) қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелері енгізіледі. Бүгінде бұл санатқа 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықта қаза тапқан, ай сайынғы ақшалай төлем алмаған 530 отбасы кіреді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.