jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "80 алғыс сөз" атты челленджді қолдады

Ұлы жеңіске 80 жыл
Ұлы жеңіске 80 жыл. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "80 алғыс сөз" атты челленджді қолдап, Facebook әлеуметтік желісінде жазба жариялады, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

"Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында "80 алғыс сөз" атты челлендж жарияланғанынан хабардармын.

Шындығында, ерлікті есте сақтап, Жеңіс жолында майданда қан, тылда тер төккен барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтып, құрмет көрсету біздің қасиетті парызымыз.

Ұлы жеңіске 80 жыл
Ұлы жеңіске 80 жыл. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан қорғауға атсалысты. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында өшпес із қалдырды.

Біздің аталарымыз бен аналарымыздың батырлығы мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастарына зор үлгі.

Ұлы жеңіске 80 жыл
Ұлы жеңіске 80 жыл. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ендеше өңіріміздің әр тұрғынын қазыналы қарттарымызды ардақтап, қал-қадіріміз жеткенше қайырымдылық жасап, оларға қолдау көрсетуге шақырамын.

Тарихымызда қалған бұл сұрапыл соғыстың кеселінен өткен ата-апаларымызға амандық тілеймін!

Ұлы жеңіске 80 жыл
Ұлы жеңіске 80 жыл. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Еліміздің дархан даласы кең, аспаны әрдайым ашық болсын!", - деп жазды өңір басшысы.

Ұлы жеңіске 80 жыл
Ұлы жеңіске 80 жыл. Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Асхат Шахаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "80 алғыс сөз" атты челленджді қолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.