Тоқаев Кипрмен сотталған адамдарды өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Жарияланған күні:

Ел президенті Қазақстан мен Кипр арасында сотталған азаматтарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236392-toqaev-kiprmen-sottalgan-adamdardy-ozara-beru-turaly-kelisimdi-ratifikatsiialau-turaly-zangga-qol-qoidy/