jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әзербайжанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының құрбандарына арналған ескерткіш тақта қойылды

ескерткіш тақта
Ескерткіш тақта. Фото: azertag.az/

Әзербайжанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағының экипаж мүшелеріне ескерткіш тақта қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Azertag агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, әзербайжандық альпинистер "Хыналыг және көшпелілер жолы" мемлекеттік тарихи-мәдени-этнографиялық қорығының аумағында Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан батырлардың есімдері жазылған мемориалдық тақта орнатқан.

Онда экипаж мүшелерінің аты-жөні - Игорь Кшнякин, Александр Кальянинов және Хокюма Алиева, сондай-ақ "қайтыс болған экипаж мүшелері мен жолаушыларды еске алу" деген жазу бар.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Аzerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның бесеуі – экипаж мүшесі.

Бортта Әзербайжанның 42, Ресейдің 16, Қазақстанның алты, Қырғызстан үш азаматы болған.

Ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Олардың үшеуі – экипаж мүшесі. Өкінішке қарай, аман қалғандардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.

Әзербайжанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының құрбандарына арналған ескерткіш тақта қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.