"Жетінші арна" зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған алғашқы қазақстандық телехикаяны ұсынды
Жарияланған күні:

"Жетінші арна" зағип және көру қабілеті төмен жандарға арналған алғашқы қазақстандық телехикаяны ұсынды, деп хабарлайды телеарнаның баспасөз қызметі.
"Дем. Соңғы үміт" — Қазақстанда алғаш рет зағип және көру қабілеті төмен көрермендерге бейімделген телехикая. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен "Жетінші арна" түсірген онколог-дәрігерлер жайлы медициналық драма енді кәсіби тифлокомментариймен қолжетімді. Бұл көру мүмкіндігі шектеулі жандарға телехикаяны еш кедергісіз тұтынуға мүмкіндік береді.
"Бүгінде инклюзивті аудиторияға арналған контент өте аз. Сондықтан көзі нашар көретін адамдар көбінесе шетелдік өнімдерге жүгінуге мәжбүр, өйткені отандық өнімдерді көруге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан өз сериалдарымызды аудиокомментариймен қамтамасыз етуді бастадық. Осылайша, сериалды әр адам оны өзіне ыңғайлы форматта көру мүмкіндігіне ие болады", - дейді Жетінші арнаның Бас директоры Илхам Ибрагим.
Жоба 12 бөлімнен тұрады, және оны жасаған кезде арна контентті мүмкіндігінше кең аудиторияға қолжетімді етуді көздеді. Классикалық телевизиялық нұсқасы — арна эфирінде көрсетілді. Қысқа вертикалды нұсқасы — әлеуметтік желілерде 2 минуттық сериялар түрінде жариялануда. Енді тифлокомментариймен — инклюзивті аудиторияға арналған нұсқасы шықты.
"Қазір қазақстандық сериалдардың қарқынды дамып жатқаны жиі айтылады. Бірақ біз оларды толық тұтына алмаймыз. Егер басқа арналар да осындай бастаманы қолдаса, біз өте қуанышты болар едік", - дейді қазақ зағиптар қоғамының мүшесі, тифлопедагог Далида Хасан.

"Менің көру қабілетім төмен, мүлдем зағип достарым бар. Олар да бізбен бірге киноға барғысы келеді. Көбіне мен олар үшін комментарий жасаймын. Бірақ кейде оларға сұрау ыңғайсыз, ал маған басқа көрермендерге кедергі келтіруден қысыламын. Сіздердің телехикаяны енді олар өз бетінше көре алады. Біз өте қуаныштымыз", - дейді қазақ зағиптар қоғамының басқарма мүшесі Сексенбай Исильбаев.
"Дем. Соңғы үміт" телехикаясының барлық бөлімі YouTube-тегі @TheSevenChannel арнасында бейімделген форматта жарияланады. Қазір бірінші бөлімі қолжетімді және күн сайын бір сериядан шығып отырады.
- Жоба режиссері – Әсет Жұмақан;
- Продюсері – Ерсін Айтмұқаш.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Жетінші арна" жастар аудиториясына арналған TikTok-тағы алғашқы вертикалды қысқаметражды сериал Shorts Drama жобасын таныстырған болатын. Қазір арна көзі нашар көретін жандарға арналған инклюзивті контент жасауға назар аударуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236611-zhetinshi-arna-zagip-zhane-koru-qabileti-tomen-zhandarga-arnalgan-algashqy-qazaqstandyq-telehikaiany-usyndy/