jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

LRT-да жол жүру ақысы шамамен қанша теңге болады: Астана әкімі жауап берді

LRT вагоны
LRT вагоны. Эскиз: instagram.com/cts_kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуде LRT-да жол жүру ақысы шамамен қанша теңге болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"LRT-да жол жүру ақысына келсек, жобамен баға белгіленген. 100 теңгеден 200 теңгеге дейін... Әзірге сол баға қала береді", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұған дейін CTS ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев биылғы қыркүйек айында LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

LRT желісінің вагондары Қытайдың Таншань қаласында құрастырылып жатыр. Бірінші партияда 19 жылжымалы құрамға тапсырыс берілген.

Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден астам жолаушыны сыйдыра алады.

LRT-да жол жүру ақысы шамамен қанша теңге болады: Астана әкімі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.