jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшыраған: құзырлы орган пікір білдірді

Балабақшадағы бала
Балабақша. Көрнекі сурет: pixabay.com

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астанада болған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kazinform.kz.

Астана қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде екі жасар баланың буллингке ұшырағаны жөнінде анасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгінді.

"Күні кеше баланың анасы Комитет төрайымы Насымжан Оспановамен кездесіп, болған жағдайды егжей-тегжейлі баяндады. Кездесу нәтижесінде аталған жайт бойынша тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды. 28 сәуірде Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті тиісті тексеруді бастайды.

Айта кетейік, Комитет балалардың құқықтарына қатысты әрбір өтініш пен шағымды мұқият қарап, назардан тыс қалдырмайды. Әр бала қауіпсіздік пен қамқорлыққа негізделген қарым-қатынасқа лайық", — делінген ведомство хабарламасында.

Астанада екі жасар бүлдіршін бақшада буллингке ұшыраған: құзырлы орган пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.