jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеде зағиптар қоғамы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойды

"Ұлы жеңіске 80 жыл"
"Ұлы жеңіске 80 жыл". Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған "Снайпер" қойылымы сахналанды.

"Снайпер" қойылымы — қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің алғашқы бірлескен жұмысы.

"Ұлы жеңіске 80 жыл"
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым . Фото: gov.kz

"Біз осы қойылым арқылы батыр қыздың ерлігін, қайсарлығын және адамгершілік қасиеттерін жастарға өнеге етіп, оның жарқын бейнесін еске алуды жөн көрдік. Қойылымның форматы ерекше болды. Көріністе соғыс сахналары мюзикл нұсқада қойылды. Бұл тәжірибе — біздің алғашқы бастамамыз.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды . Фото
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым. Фото: gov.kz

Ең басты мақсат — мүмкіндігі шектеулі жандардың бойындағы өнерді шыңдау, қолдау көрсету. Қойылымға 6 өнерпаз қатысты.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым. Фото
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым. Фото: gov.kz

Олар өздерінің алғашқы дебюттерін сәтті орындады. Алдағы уақытта тағы да осындай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарда бар", — деді әдіскер Ерболат Есенбекұлы.

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым. Фото
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған қойылым. Фото: gov.kz

Қойылым өнерсүйер қауымға ерекше әсер қалдырды. Әлия рөлін сомдаған Жарқын Бақберген көрермен жүрегін жаулап, олардың ыстық ықыласына бөленді. Кейбірі көзіне жас алып, өнерпаздарға алғыс білдірді.

Ақтөбеде зағиптар қоғамы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.