Зектілері

Үсік, жаңбыр, қар: 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жарияланған күні:

Үсік
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" синоптиктері 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында түнде облыстың шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарда түнде туман, облыстың шағысында, тауылы аудандарда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2236839-usik-zhangbyr-qar-18-sauirde-birneshe-ongirde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasaldy/