30 градус ыстық, қар, жаңбыр: демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері солтүстік және шығыс аймақтарда жаңбыр жауады, 19 сәуірде қар жаууы мүмкін.
Десе де жауын-шашынға қарамастан, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.
Батыста күн ашық болады, ауа температурасы күндізгі уақытта 25-30 градусқа дейін көтеріледі.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Мамандар сәуірдің екінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында жаңбыр, қар, үшінші онкүндікте негізінен жаңбыр жауатынын болжаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237061-30-gradus-ystyq-qar-zhangbyr-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/