jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада үш автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеріп, бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Автобус жолағы
Жол белгісі. Көрнекі сурет : NUR.KZ / Владимир Третьяков

City Transportation Systems ЖШС Астанада үш автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретінін және кей көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

City Transportation Systems ЖШС Астана қаласындағы қоғамдық көлік қозғалысында уақытша өзгерістер болатынын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жария еткен.

"Құрметті жолаушылар! №304, 322, 35 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", - делінген серіктестік парақшасында.

Сондай-ақ серіктестік LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес мынадай көшелерде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді:

  • 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарланып отыр.
  • 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының "Астана Жұлдызы" стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.

"Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деп жазды City Transportation Systems өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада алты автобустың қозғалыс сызбасы өзгергенін жазған едік.

Астанада үш автобустың қозғалыс сызбасы уақытша өзгеріп, бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.