Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады
Жарияланған күні:

Бүгін, 20 сәуір еліміздегі барша христиандар Пасха мерекесін тойлап жатыр. Мемлекет басшысы Қазақстан жұртшылығын Пасхамен құттықтады, деп хабарлайды Aқорда.
"Құрметті отандастар!
Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.
Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.
Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!
Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген президент құттықтауында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237376-toqaev-qazaqstan-halqyn-pasha-merekesimen-quttyqtady/