Зектілері

"Салмағы 7 келіге жуық": Қостанайда алып сәби дүниеге келді

Жарияланған күні:

Сәбидің аяғы
Сәби. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанайда салмағы 7 келі, бойы 60 см болатын алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы kostanaynews хабарлайды.

Қостанай облыстық перинатальды орталығында салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 см-ден асатын сәби өмірге келді. Рауан жас қостанайлық отбасындағы үшінші бала. Оны үйде үш жастағы егіз әпкесі күтіп отыр. Қазір жас босанған ана мен нәрестенің жағдайы жақсы", - деп жазады kostanaynews басылымы.

Айта кету керек, биыл еліміздің бірнеше өңірінде "алып" сәбилер өмірг келген. Мәселен, Шымкентте өмірге келген сәбидің салмағы 7 келіге жуық болған. Одан бөлек Маңғыстау облысында да бойы 6 см жететін нәреске дүние есігін ашқанын жазған едік. Жамбыл облысы да қалысар емес. Жылдың алғашқы айында өңірде салмағы 6 килограмнан асатын сәби дүниеге келді. Одан бөлек Өзбекстанның Ташкент облысында салмағы 7 келіден асатын қыз бала өмірге келген. Мұндай балалар дүниежүзілік акушерлік тәжірибеде "алып ұрық" деп аталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237460-salmagy-7-kelige-zhuyq-qostanaida-alyp-sabi-duniege-keldi/