Даңғылдар мен шағынаудандарды жалғайды: Шымкентте аспалы жол пайда болуы мүмкін
Жарияланған күні:

Шымкентте аспалы жол пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды қалалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдіктің мәліметінше, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Universal Ropeways ЖШС басшылығымен кездескен. Басқосу барысында мегаполисте аспалы арқанжол салу тұжырымдамасы таныстырылған.
"Бұл жоба қалада заманауи әрі тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Игі бастама мемлекет басшысының жақында Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапарында жүктеген міндеттерін орындау мақсатында қолға алынып отыр. Әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік салаларындағы жобаларды дамытуға басымдық берілмек", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында арқанжол желісінің алдын ала бағыттары, ықтимал технологиялық шешімдері, жобалау мен құрылыс кезеңдері талқыланған.
Аспалы жол арқылы Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдарын, Цитадель аумағы мен "Тұран", "Шымкент сити" шағынаудандарын кезең-кезеңімен жалғау жоспарланып отыр.
Аспалы арқанжол іске қосылса, халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, тығыз құрылыс салынған, көлік қозғалысы көп аумақта жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды, деп күтіліп отыр. Сонымен қатар бұл нысан туристер үшін тартымды орынға айналуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237652-danggyldar-men-shagynaudandardy-zhalgaidy-shymkentte-aspaly-zhol-paida-boluy-mumkin/