Әділет министрі былтыр елімізде отау құрған 124 мың жұптың жартысына жуығы ажырасып кеткенін айтты
Жарияланған күні:

Мәжілістегі үкімет сағатында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы некелесу мен ажырасу статистикасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әділет министрінің сөзіне сүйенсек, Қазақстанда былтыр отау құрған 124 мың жұптың жартысына жуығы ажырасып кеткен.
"Балаларын асырауға ниеттің болмауы, алимент төлеуден жалтару отбасылық-неке қатынастары дағдарысының салдары. Бұған дәлел – былтыр тіркелген 61 080 ажырасу санын құрайтын статистикалық көрсеткіш, бұл неке қию санының (124 774) жартысына жуығын құрайды.
Осы тұста отбасы институтын нығайту және балалардың мүдделерін қорғау бойынша жауапты мемлекеттік органдардың кешенді жұмыс жүргізуі қажет деп санаймыз", - деді Ерлан Сәрсембаев.
Сондай-ақ министр алимент төлемдерін өндіру ерекше бақылауда екенін айтты.
Еске сала кетейік, Petrelli Previtera мәліметінше, 2024 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде Мальдив елінен кейінгі екінші орында (1000 адамға 4,6).
Мамандардың айтуынша, елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасуына басты себеп - туыстарының араласуы (61 пайыз), моральдық шектеулердің жоқтығы (41 пайыз), ажырасу процесінің жеңіл болуы (25 пайыз).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2237763-adilet-ministri-byltyr-otau-qurgan-124-myng-zhuptyng-zhartysyna-zhuygy-azhyrasyp-ketkenin-aitty/