jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, үсік жүруі мүмкін

Үсік жүру
Үсік жүру. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алдағы күндері ел аумағында күн суытып, үсік жүруі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, түнде солтүстікте, шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын түседі.

Тек Ақтөбе, Қызылорда облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, 22, 24 сәуірде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында -3 градусқа дейін күн суытып, үсік жүруі ықтимал.

22 сәуірде Қарағанды облысында -1 градусқа дейін, 22, 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында -1...-8 градусқа дейін, 24 сәуірде Ақмола, Қостанай облыстарында -1...-3 градусқа дейін күн суытады деп күтіліп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.