jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Ұшақ суреті
Ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биыл 27 сәуірден "Семей-Астана-Семей" бағытында сыйымдылығы 48 орындық "Ан-24" ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды, деп хабарлайды Kazinform.

Рейсті "Южное небо" әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты – кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 21:15.

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты.

"Жолаушылардың өтінішін ескере отырып Көлік министрлігі, әуе компаниясы және облыс әкімдігінің үш жақты келісімі нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткіздік. 10 мамырға дейін аптасына үш рейс орындалады. Ал мамырдың ортасынан бастап ұшу жиілігі аптасына 5 ретке дейін ұлғаяды. Әуе компаниясының құрылтайшылары болашақта жаз мезгілінде қатынайтын жаңа ұшақтарды желіге шығаратынын айтып отыр. Алдағы уақытта Қарағанды бағытында субсидияланатын жаңа әуе рейсін ашу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта Көлік министрлігімен келіссөз жүргізілуде", - деді аймақ басшысы.

Биылғы 1 мамырдан бастап "Алматы-Семей-Алматы" (аптасына үш рет), "Астана-Семей-Астана" (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап FlyArystan әуе компаниясы "Шымкент – Семей – Шымкент" бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ.

Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Сондай-ақ дүйсенбі мен бейсенбіде "Скат" әуе компаниясы "Алматы-Үржар-Алматы", "Астана-Үржар-Астана" рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды.

Қазіргі уақытта Семей қаласынан "Семей – Алматы", "Семей – Астана" және "Семей – Үржар" бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді FlyArystan және "Южное небо" әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.