jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Сыр өңірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында республикалық патриоттық форум өтті

Республикалық патриоттық форум
Республикалық патриоттық форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен "Жастық жалынымыз - сүйікті отанымызға!" тақырыбындағы республикалық патриоттық форум өтті.

Патриоттық форум Колледж ауласында әскери-патриоттық митинг пен Мәншүк ескерткішіне тағзым жасаудан бастау алды. Форум аясында "Мәншүк маршы" патриоттық шеруі ұйымдастырылады. Қазақтың мақтанышы – Мәншүк Мәметованың есімі ешқашан ұмытылмайды.

Сыр өңіріндегі өткен республикалық форум
Сыр өңіріндегі өткен республикалық форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қазақтың батыр қызының ерлігін дәріптеу арқылы жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбилеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өтеді. Бүгін де "Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға!" тақырыбында өткен шеруге еліміздің біршама аймақтарынан 500-ден аса студент қыз қатысуда.

Сыр өңіріндегі өткен республикалық форум
Сыр өңіріндегі өткен республикалық форум. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тек қана қыздардан сап түзеген, Мәншүк ізбасарларынан кұрылған «Мәншүк маршының» мақсаты – форумға қатысушы Мәншүк ізбасарлары – белсенді, жалынды жастардың бойында Отанына, туған жеріне деген елжандылық, патриоттық сезімін арттыру, рухани құндылықтарды жетілдіру.

Оларды өз елінің жігерлі де қайсар ұрпағы ретінде отансүйгіштік бағытта тәрбиелеу, азаматтық белсенділігін қалыптастыру, тарихты құрметтеуге үндеу.

Сыр өңірінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында республикалық патриоттық форум өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.