jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беру": Маңғыстауда мектеп бітіру іс-шараларына қатысты талаптар жарияланды

Қоңырау ұстаған оқушы
Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облыстық білім басқармасы мектеп бітіру іс-шараларына қатысты талаптарды жариялады. Бұл туралы өңірдің Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, облыстық білім басқармасы мынадай іс-шараларға қатаң тыйым салған:

  • бітіруші 4, 9, 11-сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру;
  • аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
  • мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қаражат жинау;
  • оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы;
  • ойын-сауық, мейрамхана, саябаққа баруы;
  • қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру іс-шаралары.

"Құрметті ата-аналар! Жоғарыдағы тыйым салынған талаптарды ескерте отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңыз сұралады. Біз үшін басты мақсат – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Амантай Кумбаев.

Хабарламада егер, білім беру ұйымдарында аталған негізде ақша жинау фактілері кездессе (фото, видео дәлелдерімен) дереу білім басқармасының Call орталығына 8 (7292) 60-75-15 немесе құқық қорғау органдарын хабардар ету қажеттігі айтылған.

"Мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беру": Маңғыстауда мектеп бітіру іс-шараларына қатысты талаптар жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.