jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған блогер Мұрат Әбділда қайта қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан қаласының ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған блогер М.А.-ға қатысты ұсыным қаралды.

Сотталушы 2024 жылы соттың қаулысы негізінде Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Содан Түркістан облысының полиция департаметінің Сауран аудандық полиция бөліміне профилактикалық есепке алынған.

Профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан блогер 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмеген және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмаған.

"Сот қаулысымен Түркістан облысы полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылды. Ер адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Ер адам сот залынан қамауға алынды", - деп мәлім етті Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.