jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қылмыс әлемінде "беделді" Серік Жаманаев ауруханада қайтыс болды

Медициналық аппарат
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Қылмыс әлемінде "Серік Голова" деген лақап атпен танымал Серік Жаманаев қайтыс болды. Ол жазасын Солтүстік Қазақстан облысындағы түзеу колониясында өтеген. Ақпаратты облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті өкілдері растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД бастығы Мұрат Нәкеновтің хабарлауынша, сотталған Жаманаев өткен жылдың желтоқсан айында түзеу мекемесіне ауыстырылған.

"Келе сала бірден ол толық медициналық тексеруден өтті. Диагнозы - үшінші сатыдағы бауыр ісігі.

Сол кезден бастап ол үнемі дәрігердің бақылауында болды. Сотталушы бірнеше рет тексерілу үшін және емделуге медициналық мекемелерге апарылды.

8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қолға алынған шараларға қарамастан ол 25 сәуірде қайтыс болды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Мұрат Нәкенов.

Қылмыс әлемінде "беделді" Серік Жаманаев ауруханада қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.