jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алдағы тәулікте eGov порталы бірнеше сағат жұмыс істемейді

Электронды үкімет порталы
Электронды үкімет порталы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

26 сәуірде eGov сайтында техникалық жұмыстар жоспарланып отыр. Осыған байланысты сайт бірнеше сағат жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҰАТ" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электронды үкіметтің Telegram-дағы арнасы жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті. Ол жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 26 сәуір сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі.

Осыған байланысты барлық қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқасын дайындауды ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бағдарлама әзірлеушілердің айтуынша, пайдаланушының eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ шығарылса және бұрын цифрлық құжаттар пайдаланылса, ол құжаттарды офлайн-режимде қолдануға болады. Ол үшін телефонды ұшақ режиміне ауыстырып, қосымшадағы цифрлық құжаттарды ашып, тіркеу орнында QR-кодты көрсету жеткілікті.

Алдағы тәулікте eGov порталы бірнеше сағат жұмыс істемейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.