Астанада алдағы күндері бірнеше даңғылда жол жабылады
Жарияланған күні:

Астананың бірнеше даңғылында жөндеу жұмысына байланысты жолдар жабылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Абылай хан даңғылы ішінара жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылына орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты, 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте Манас көшесіне қарай қозғалыс толығымен жабылады, бірақ А.Пушкин көшесіне қарай қозғалыс ашық болады.
Жұмыстың бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін көлік қозғалысы өзгереді: Пушкин бағытындағы көлік қозғалысы жабылады, ал Манас бағытындағы көлік қозғалысы ашық болады.
Ұлы Дала даңғылының учаскесі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әл-Фараби даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде Ұлы Дала даңғылына орташа жөндеу жүргізеді,
Осыған байланысты, 25 сәуір мен 3 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады" - делінген әкімдік хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2239593-astanada-aldagy-kunderi-birneshe-danggylda-zhol-zhabylady/