jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қаражат қарастырылмаған": Атырау облысында тұрғындар қарақұрт қаптағанын айтып, дабыл қақты

Қарақұрт
Қарақұрт. Көрнекі фото: AndreiKa/Getty Images

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қарақұрттан, әсіресе Индер ауданының тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені соңғы үш жылда бұл жәндік өңірде тым көбейіп кеткен. Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен, былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік қырылған. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді.

Десе де, телеарна хабарлауынша, Индер ауданы әкімдігі қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмағанын айтқан. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

"Индер аудан әкімдігі тарапынан қарақұртты аса қауіпті зиянкес ретінде реестерге тіркеу шарасының қабылдануына ұсыныс жолданды. Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жүргізіліп жатыр", - дейді Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Айболат Сансызбаев.

"Қаражат қарастырылмаған": Атырау облысында тұрғындар қарақұрт қаптағанын айтып, дабыл қақты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.