jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қартпын деп жүре беруге болмайды": желі арқылы танылған 76 жастағы хореграф атай көпшілікке кеңесін айтты

76 жастағы хореграф Ерсін Жүсіпов
76 жастағы хореграф Ерсін Жүсіпов. Фото: Jibek Joly телеарнасы

Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына 76 жастағы хореограф ұстаз Ерсін Жүсіпов сұқбат берді. Өз сұқбатында ол жасы келсе де, ширақ болуының құпиясын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтуынша, ол ұзақ жылдар бойы химия-биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Кейіннен оның бойындағы хореографиялық қабілеттерін көріп, басшылық аудандық мәдениет үйіне жұмысқа орналастырған. Қазіргі таңда балаларды биге баулумен айналысады.

"Кішкентай балалармен жұмыс істеуге өте көп уақыт керек. Бір би қою үшін 4-5 ай уақыт керек. Мен әдетте ұлттық билерді қоямын. Менің шәкірттерім түрлі би ансамбльдерде өнер көрсетіп жүр. 5 балам бар, балаларым да хореографиямен айналысады. Кәсіби хореограф", - деді ол.

Сөзінше, бимен айналысудың адам өміріне пайдасы мол.

"Құрдастарымның көбі таяқ ұстап, таяқпен жүреді. Мен айтамын, қартпын деп жүре беруге болмайды. Әйтеуір, кететініміз анық қой. Жақында мектеп бітіргенімізге 60 жыл болады. Бәріне "таяқсыз келесіңдер, бәріңді билетемін" дедім. Жұбайым да математик. Ол билемейді, бірақ ширақ. Жалпы осылай ширақ болып жүргенім бидің арқасы", - деді ол.

"Өмірде күш-жігерді қайдан аласыз?" деген сұраққа ұстаз былай жауап берді:

"Адам мамандығын жақсы көруі керек. Жан-тәнімен сүюі керек. Сонда ғана жігерлі болады", - деді ол.

Айта кетейік, ардагер ұстаз балаларға би үйретіп, әлеуметтік желі арқылы танымал болған еді.

"Қартпын деп жүре беруге болмайды": желі арқылы танылған 76 жастағы хореграф атай көпшілікке кеңесін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.