"Кәсіби мамандардан кем емес": Қазақстандағы ең кішкентай дирижер Атырауда тұрады
Жарияланған күні:

Еліміздегі ең кішкентай 5 жасар дирижер Атырауда тұрады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Миниcтрліктің мәліметінше, Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар.
Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5, қалғандары 3-4 жасар бүлдіршіндер.
"Құлыншақ" бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті сүйсіндірген. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді екен.
"Оның музыкалық шығармалардың екпініне, динамикалық ырғағына қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес. Оның музыканы сезінуі таң қалдырады", - дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2240838-kasibi-mamandardan-kem-emes-qazaqstandagy-eng-kishkentai-5-zhasar-dirizher-atyrauda-turady-video/