Зектілері

Нұрәли Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Нұрәли Әлиев әжесімен бірге
Нұрәли Әлиев әжесімен. Фото: instagram.com/imnurali

Нұрәли Әлиевтің (Рахат Әлиевтің ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) әжесі Әлиева Минауар Қадышқызы қайтыс болды. Бұл туралы Нұрәли Әлиев Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін сүйікті әжем Аника (Минауар Қадышқызы) арамызда жоқ, оның жаны көкке көтеріліп кетті. Ол мен үшін ерекше жан еді - балалық шағым әжемнің жанында өтті. Әжем менің тәрбиемде үлкен рөл атқарды және өміріме бағыт беріп, ұмытылмас махаббатқа толтырды.

Әжемнің бойынан табылған мейірім, даналық пен сұлулық өмірімізге нұр берді, айналасындағы адамдарға жылулық шашты.

Ол кісі әрдайым менің жүрегімде", - деп жазды Нұрәли Әлиев.

Оның айуынша, ол өткен аптада ғана әжесінің үйіне барып, екі күн жанында болған.

"Біз өмір туралы, балаларым туралы және біздің отбасы туралы әңгімелескен едік. Бұл фото мен үшін сол қымбат сәтте түсірілген және сол кезде бұл біздің соңғы кездесуіміз болуы мүмкін екенін сезгендей болдым", - дейді жазба авторы.

Нұрәли Әлиев әжесінің өткен түнде ұйқыда жатып қайтыс болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2240880-nurali-alievting-azhesi-omirden-otti/