jitsu gif branding logo appbranding logo app

"24 KZ" телеарнасында "Бірлік формуласы" телемарафоны өтеді

"Бірлік формуласы" телемарафоны
"Бірлік формуласы" телемарафоны. Иллюстрация: "Хабар" агенттігі

Ертең Қазақстан халқы бірлігі күніне орай "24 KZ" телеарнасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік телемарафон өткізеді. Алты сағаттық тікелей эфир барысында қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайту тақырыптарын қамтитын мазмұнды ақпараттық-мәдени бағдарлама көрермен назарына ұсынылады.

"Қазақ елі" және "Бәйтерек" монументтері жанында жылжымалы студиялар іске қосылып,

арна жүргізушілері сарапшылармен және мерекелік іс-шара қатысушыларымен тікелей эфирге шығады. Ал тілшілер еліміздің түкпір-түкпіріндегі мерекелік шаралардан, концерттер мен жәрмеңкелерден, этномәдени орталықтардағы кездесулерден тікелей репортаждар жасайды.

Телемарафон студиясында ұлтаралық диалог, азаматтық бірлік пен мәдени мұраны сақтау салаларындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер талқыланады. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысады.

"Бірлік формуласы" телемарафоны
"Бірлік формуласы" телемарафоны. Фото: "Хабар" агенттігі

"Бірлік формуласы" телемарафоны – Қазақстан халқын біріктіретін, ұлтаралық келісімге үндейтін тікелей эфирдегі символдық мәні зор іс-шараға айналмақ. Марафон таңғы сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін "24 KZ" телеарнасынан көрсетіледі, сондай-ақ арна сайтында онлайн-трансляциясы да жүргізіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.