jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Жер сілкінісі
Жер сілкінісі. Иллюстрациялық фото: adventtr/Getty Images

Алматы облысы Кеген ауданында 1 мамыр сағат 08:19-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі халыққа сезілмеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 2025 жылғы 1 мамырда Астана уақытымен 08:19-де ТЖМ Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылынан 10 км қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 км қашықтықта орналасқан.

"Эпицентрдегі есептік қарқындылығы сезілмеген. Есептеулер бойынша бұл жер сілкінісін халық сезбеген және қауіп төндірмейді", - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салып өтті.

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), ал көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан  аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.