Зектілері

"Қазақстандағы өмірім техастықтарға қызық": АҚШ-тан келген оқытушы қазақ тілін қалай үйренген

Жарияланған күні:

Ракель Райнагүл
Фото: nu.edu.kz

АҚШ-тан көшіп келген Ракель Рейнаджел Назарбаев университетінде оқытушы. Ол желіде қазақ тілін үйрену тәжірибесін бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп жүр. Күні кеше ол "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ракель тегін қазақ тілінде "Райнагүл" деп атағанды жөн көретінін айтады.

"Тегім қазақша, себебі атыма үндес", - дейді ол.

Айтуынша, оның Қазақстандағы өмірі техастықтарға қызық.

"Осындағы қазақтарға да қызық, неліктен көшіп келдің Америкадан деп сұрайтындар да бар. Астанада тұрамын, ұнайды, бірақ мұнда суық. Қазақ тағамын жақсы көремін, асық ойнауды үйренгім келеді", - дейді Ракель.

Ағылшын тілінен сабақ беретін оқытушы қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берді.

"Мен үшін қазақ тілін үйрену оңайырақ. Бастапқыда өз бетімше оқулықпен үйрене бастадым. Сосын қазақ тілінен курсқа қатыстым. Екі жазда сегіз апта бойы аптасына бес күн, төрт сағаттан қарқынды түрде үйрендім. Қиын болды, бірақ сол сабақтардың арқасында кішкене еркін сөйлей бастадым", - деді ол.

Айта кетейік, америкалық ару әлеуметтік желі арқылы танымал болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241114-qazaqstandagy-omirim-tehastyqtarga-qyzyq-aqsh-tan-koship-kelgen-oqytushy-qazaq-tilin-qalai-uirengenin-aitty/