Зектілері

Алматы тұрғындары ұзындығы 1704 метр лағман созып, Қазақстан рекордын орнатты

Жарияланған күні:

Лағман
Лағман созып отырған қала тұрғындары. Фото: facebook.com/almaty.gov.kz

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматының Жетісу ауданында бірегей шара өтті. Ел тарихында ең ұзын лағман "Айнабұлақ" шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әзірленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасында хабарланғандай, 1704 метрлік лағман Қазақстанның рекордтар кітабына ресми түрде тіркелді.

Лағманның қамыры 19 келі ұннан иленген. Шараға 50-ден астам адам қатысқан. Тағам аспаздар мен облыс тұрғындарының күшімен екі сағатта дайындалған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, түрлі этнос өкілдері ортақ дастарқанда ауызбіршілік танытып, иық тіресе еңбек етті.

"Лағман қанша метр болса да, рекорд орнады, өйткені мұндай шара елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Біз оның ұзындығын ғана емес, ұлтаралық байланыстың беріктігін де байқадық" - деп атап өтті Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Сәбитұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241144-almaty-turgyndary-1704-metr-lagman-sozyp-qazaqstan-rekordyn-ornatty/