Алматының кей аудандарында бұршақ жауды (видео)
Жарияланған күні:

Алматының бірқатар ауданында ірі бұршақ жауды – желіде видеолар жарияланды. Ал Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жасап, алда қолайсыз күн райы болатынын, атап айтқанда, найзағай ойнап, жел күшейетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыда күн райы құбылып тұр: мегаполистің бірнеше ауданында жаңбырдан бөлек ірі бұршақ жауды. Оны видеоға түсіріп алған тұрғындар кадрларды желідегі пабликтерге жолдап жатыр.
Ал қалалық ТЖД өкілдері Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 3 мамырда түнде Алматы қаласында найзағай ойнап, қалада солтүстік-батыстан солтүстік- шығысқа қарай қатты жел соғатынын, оның жылдамдығы секундына 18 метрге дейін жететіні туралы ескертті.
Құтқарушылар қала тұрғындарына көлікті ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды.
Сондай-ақ жел күшейсе, келесідей әрекет етуді ұсынады:
- ғимараттан шықпай, мүмкіндігінше үй-жайда болыңыз;
- егер үйде болсаңыз, есік-терезені мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиядан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
- көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
Билбордтардың, ағаштардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйдің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатырдан шифер мен басқа шатыр материалдары құлауы мүмкін;
- қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241423-almatynyng-kei-audandarynda-burshaq-zhaudy-video/