Жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: Әскери шеруге дайындық кезінде Астанада қай көшелер жабылады
Жарияланған күні:

Астанада Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты 3-4 мамыр күндері бірқатар көшеде уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 3 мамыр таңғы сағат 5:00-ден 6:30-ға дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол даңғылы-Қошқарбаев даңғылы-Момышұлы даңғылы-Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Әскери техникалар жаттығу орнына қарай бағыт алады.
Осыдан кейін бірден сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 көшесі бойынша – Ақжол-Қошқарбаев-Аманжолов-Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады.
Оған қосымша сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлы даңғылынан Панфилов көшесіне дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналасады.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабылады, сондай-ақ Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады.
Бұл күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов-Қошқарбаев-Ақжол-А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне қайтады.
4 мамырда да қозғалыс жоспары осыған ұқсас болады: таңертеңнен бастап әскери техниканың қозғалысы және шеруге қатысушыларды тасымалдау, 5:00-ден 14:00-ге дейін – 3 мамыр күні жабылған көшелерге шектеу енгізіледі, 12:30-дан 14:00-ге дейін – көрсетілген маршрут бойынша техникалар легі қайтарылады.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелі жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі. Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.
Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Қала әкімдігі өкілдері құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұрайды.
Бұл күндері (3, 4, 7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.
Жолаушыларға жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және Instagram-дағы "City Transportation Systems" ресми парақшасы – @cts_kz арқылы өзекті ақпаратты қадағалау ұсынылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2241462-zhaiau-zhurginshilerge-de-shekteuler-engizilui-mumkin-askeri-sheruge-daiyndyq-kezinde-astanada-qai-kosheler-zhabylatyny-belgili-boldy/