jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Мамыр айының басында еліміздің кей өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн бұзылады

Көктем
Көктем. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер мамыр айының басында еліміздің кей өңірлерінде күн бұзылып, қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады, деп жазады "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамыр айының басында Қазақстан аумағында барикалық құрылымдардың тез өзгеруіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде: найзағайлы жаңбыр, желдің күшеюі, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Температуралық жағдайда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мамыр айының басында еліміздің кей өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, күн бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.