Зектілері

Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы: онлайн-трансляция

Жарияланған күні:

Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы
Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Былтыр қазанда Талғарда қаза болған жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі сот отырысы сағат 10:00-ге белгіленген.

Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Сот отырысы Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр.

Айта кетейік, 10 сәуірде марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. 17 сәуірде басты сот талқылауы басталды.

Айыпталушылар орнында 9 адам отыр. Олардың біреуі кәмелеттік жасқа толмаған.

29 сәуірдегі сот отырысында куәгерлерден жауап алу жалғасты.

Сот отырысы барысында прокурор марқұм Шерзат Болаттың қайтыс болған ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың айғағын оқып берді, сондай-ақ одан тергеу сатысында жауап алынған сәттің бейнежазбалары қаралды.

Бұдан бөлек, тағы екі куәгердің сақтауға берілген айғақтары тыңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242008-marqum-sherzat-bolattyng-olimine-qatysty-sot-otyrysy-onlain-transliatsiia/