jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қиын трюкті 36,66 секундта орындаған: Алматы циркінің әртістері Гиннес рекордтар кітабына енді

Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерімен
Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерімен. Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы циркінің әртістері ең қиын трюкті 36,66 секундта орындап, Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында рекордсмендердің өзі айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы циркінің әртістері, әйгілі "СерБат" акробатикалық тобының мүшелері – Батыр Жанұзақ пен Марлен Маратов Миландағы беделді Lo Show Dei Record халықаралық шоуында рекорд орнатып, Гиннес рекордтар кітабына енді.

Олар ең қиын трюкті 36,66 секундта орындап, көрермендерді ғана емес, қазылар алқасын да таңғалдырған.

"Біз осы рекордты орнатуға ұзақ дайындалдық. Бүкіл залдың қол шапалақтағанын көру – ұмытылмайтын ерекше сәт!" - дейді "СерБат" тобының мүшесі, рекордсмен Батыр Жанұзақ.

Топтың тағы бір мүшесі Марлен Маратовтың айтуынша, бұл жетістік жай ғана рекорд емес, бүкіл команданың еңбегіне, цирк өнеріне берілген баға.

"Бізге сенген барлық жанкүйерге алғысымыз шексіз!" - дейді рекордсмен Марлен Маратов.

"СерБат" тобы ұзақ уақыттан бері әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүр. Олардың қойылымы әрқашан бірегейлігімен, шеберлігімен және жоғары техникалық деңгейімен ерекшеленді.

Топ America's Got Talent, Britain's Got Talent және China’s Got Talent сияқты белгілі шоуларға қатысып, жеңімпаз атанған.

Қиын трюкті 36,66 секундта орындаған: Алматы циркінің әртістері Гиннес рекордтар кітабына енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.