Ерліктің нышанына айналған есім: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған айрықша басылым жарық көрді
Жарияланған күні:

Аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы, әрі ұлт батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған кітап жарыққа шықты. KAZ Minerals Тобының қолдауымен дайындалған қостілді жаңа том есімі ерлік пен намыстың нышанындай болған батыр өмірінің көпке белгісіз болып келген қырларын ашады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Басылым Момышұлының туған күнінен бөлек, маңызды мемлекеттік мерекелер – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына да арналған.

Аты аңызға айналған қаһарман жайлы кітапта Бауыржан Момышұлының жайлы мәлім деректер ғана суреттелмеген. Мұнда ресми дереккөздерде сирек кездесетін мәліметтерге баса назар аударылады. Басылымда иллюстрациялар, тарихи фотосуреттер, замандастарының естеліктері мен Бауыржан Момышұлының төл шығармаларынан үзінділер келтірілген. Бұл – жай ғана әдеби еңбек емес, өз заманының мақтанышы болған ұлы тұлға жайлы көркем шежіре де.

Кітапта батырдың Көлбастаудағы балалық шағы, есею кезіндегі қиындықтар, әскери өмірі мен әскерден кейінгі Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі жайлы баяндалады.
Бұл мәдени бастаманы "Central Asia Production" баспа үйі тарихшылар, дизайнерлер және меценаттармен бірлесіп жүзеге асырды. Барлығын біріктірген ортақ мақсат – Қазақстан халқының барлық жақсы қасиеті бойына дарыған тұлға жайлы естелікті хатқа түсіріп мәңгілікке сақтау.

Кітаптың шығуына қолдау көрсеткен KAZ Minerals мұндай жобалардың Топтың мәдени-ағарту бағдарламасы тұрғысында маңыздылығын атап өтті.
"Бауыржан Момышұлы жайлы естелік – ел тарихының бір бөлшегі ғана емес, жастарға өнеге болатын құнды дереккөз болып саналады. Бұл ұлы тұлғаның өмірбаяны ғана емес, ұрпақтар арасындағы рухани көпір, намыс, ерлік пен Отанға қызмет етудің маңыздылығы туралы туынды", - деп мәлімдеді KAZ Minerals Management ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедов.

Анықтама:
KAZ Minerals Limited ("KAZ Minerals" немесе "Топ") – Қазақстандағы ірі көлемді, аз шығынды ашық үлгідегі кеніштерді игеруге бағытталған, даму әлеуеті жоғары мыс өндіруші компания.
Топ Абай облысындағы Ақтоғай мыс кенішінде, Орлов мыс кеніші мен кен байыту фабрикасында, Павлодар облысындағы Бозшакөл кенішінде, Шығыс Қазақстан облысындағы екі жерасты кеніші мен кен байыту фабрикасында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жұмыс істейді. 2024 жылы KAZ Minerals өндірген мыстың көлемі 380 мың тоннаны құраса, жанама өндірістен 145,8 мың унция алтын, 3,7 миллион унция күміс және 42,8 мың тонна концентрантты мырыш шығарылды.
Топтың ірі өндірістік кәсіпорындары – Бозшакөл мен Ақтоғай саладағы ең жоғары өндіріс көрсеткіштерінің бірін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals компаниясын ресурстық бейінінде әлемдік деңгейдегі ашық типтегі мыс кеніштері басым компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыру мақсатында Ақтоғайды кеңейту жобасы ресми түрде 2021 жылдың қазан айында іске қосылды.
KAZ Minerals компаниясында Қазақстан мен Қырғызстанды қоса есептегенде 14 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2242203-erlikting-nyshanyna-ainalgan-esim-bauyrzhan-momyshulynyng-115-zhyldygyna-arnalgan-airyqsha-basylym-zharyq-kordi/